«Астана» баскетбол клубы Біріккен ВТБ лигасында жеңіліске ұшырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» баскетбол клубы үшін Біріккен ВТБ лигасының биылғы маусымы сәтсіз аяқталды. Елордалық клуб Мәскеу маңынан келген «Химкиге» үшінші рет есе жіберді, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Астана» баскетбол клубы Біріккен ВТБ лигасында жеңіліске ұшырады

Нұр-Сұлтан қаласында өткен плей-офф кезеңінің ¼ финалында «астаналықтар» 81:88 (24:25, 26:23, 17:14, 21:19) есебімен жеңіліс тапты.

Лига ережесі бойынша, ширек финалда қатарынан үш рет жеңіске жеткен команда жартылай финалға өтеді. Қазақстандықтар ресейлік командаға бірінші ойында 59:82, екінші ойында 64:94 есебімен жол берді.