«Астана» баскетбол клубы Ресейдің «Енисей» командасымен ойнайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» баскетбол клубы өз алаңында ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионатындағы соңғы ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы жексенбі, 21 сәуірде «Астана» Президенттік баскетбол клубы өз алаңында Красноярскінің «Енисей» баскетбол клубын қабылдап, ВТБ Бірыңғай лигасының жыл сайынғы чемпионаты аясындағы кезекті кездесуін өткізеді.

«Енисей» - Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы. 1981 жылы құрылған. Жетістіктері: Ресей суперлигасының Б дивизионы чемпионы (2006), Ресей кубогының қола жүлдегері (2011).

Биылғы маусымдағы түзде өткен ойында «Астана» «Енисейге» есе жіберіп алған болатын. Есеп - 93:84. Дәл қазір «Енисей» ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде тоғызыншы орынды иемденіп тұр. Олар 23 ойынның 9-ында жеңіске жетті. Ал елорда командасы, яғни «Астана» 24 ойынның 14-ін жеңіспен аяқтап, алтыншы орында тұр.

Ойын жексенбі күні «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Матчтың Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.

Фото: pbcastana.kz

Соңғы жаңалықтар