«Астана» баскетбол клубына атақты итальяндық бапкер келді

Бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты кезінде ресми түрде шартқа қол қойылды. Кейін клуб басшысы, КСРО-ның спортқа еңбегі сіңген шебері Валерий Тихоненко Бас жаттықтырушыны журналистерге танстырды.
В.Тихоненконың атап өткеніндей, бапкерді таңдау барысында клуб басшылығы оның жай ғана команданы жаттықтырумен айналысып жүретін адам болғанын ғана емес, топ үздіктердің қатарындағы, әлемдік деңгейде аты танымал, әлеуеті зор тұлға болғанын қалаған.
«Егер Маттео Боничиоли туралы сөз қозғайтын болсақ, 2008 жылы ол Авелино командасының жаттықтырушысы ретінде Италия Кубогін жеңіп алды. Италия лигасы әлемнің ең мықты лигаларының бірі. 2008 жылы «Жыл бапкері» атағын алған болатын. 2009 жылы Болониямен бірге Еуро челленджер турнирін жеңген. Ал 2010 жылы Рим командасымен бірге Еуро лиганың 16 үздіктерінің қатарына кірді. Бұл өте үлкен нәтиже, аса жоғары нәтиже»,-деді В. Тихоненко.
«Астана» баскетбол клубына шақыртылуым мен үшін ұлы сынақ. Өйткені бастапқы негізінен өте мықты команда құру міндеті тұр. Қазақстандық жас баскетболшылармен алда олардың шеберліктерін жетілдіру бағытында үлкен жұмыстар күтіп тұр»,-деді БК-ның жаңа бас бапкері М. Боничиоли.
Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ӘАҚ клубпен бас демеушілік туралы үш жылдық келісімшартқа отырды. Ол бойынша, клубқа бір жылға 5 млн. АҚШ доллары бөлінбек. «Астана» БК-ның негізін еліміздің жетекші клубы «Astana Tigers» ойыншылары құрайтындығы жөнінде бұрын БАҚ хабарлаған болатын.
Сонымен қатар клуб басшылығы кем дегенде 5 шетелдік легионер сатып алуды жоспарлауда. Регламент бойынша олар - 2 америкалық, 3 еуропалық болмақ. Команда қатарына шетел клубтарында ойнап жүрген қазақстандықтар да алынуы мүмкін.
Жаңа маусымда «Астана» клубы ВТБ лигасында ойнай бастайды. ВТБ соңғы жылдары үлкен қарқынмен дамып келе жатқан лигалардың бірі, оның құрамына Ресейдің үздік командалары енеді, сондай-ақ Литва, Эстония, Латвия, Польша және Финляндияның жетекші ұжымдары өнер көрсетеді.