«Астана» баскетбол клубының жаңа құрамы таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жанкүйерлерге «Астана» Президенттік баскетбол клубының жаңа құрамы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Астана» Президенттік баскетбол клубы үшін жаңа маусым басталғалы тұр. Клуб Нұр-Сұлтанның визит карточкасы әрі спортымыздың мақтанышы деуге болады. Сондықтан жаңа ойыншыларды қуана қарсы ала отырып, оларға үлкен үміт артамын», - дейді клубтың бас директоры Асқар Баталов.

Команданың жаңа құрамына ВТБ бірыңғай лигасының өткен маусымдағы үздік бапкері Эмиль Райкович басшылық етеді. Команда маусымға дайындалу үшін Литвадағы оқу-жаттығу жиынын өткізді.

«Астана» баскетбол клубы өткен маусымда ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Команданың жылдан-жылға жетіліп келе жатқанын көріп отырмыз. Қазақстанның барлық өңірінде баскетбол айтарлықтай дамығанын айтқым келеді. Ел ішінде чемпионаттар өткізіледі. «Астана» ел ішіндегі турнирлердің рекордшысы саналады», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.

Авторы: Әйгерім Аңсағанова

Соңғы жаңалықтар