«Астана» баскетболшылары ВТБ турнирінің бастапқы кезеңін сәтті аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Велотректе» ВТБ-ның бірыңғай лигасының кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Астана» баскетболшылары ВТБ турнирінің бастапқы кезеңін сәтті аяқтады

«Астана» командасы саратовтық «Автодормен» кездесті.

Алғашқы кезеңде командалар тепе-тең түсті. Екінші кезеңде де солай болды. Үшінші кезеңде қонақтарға аз да болса алдыға шығудың сәті туды. Алайда, 4-ші кезеңде алаң иелері басымдық танытты.

«Астана» құрамында әсіресе америкалықтар - қорғаушы Иан Миллер (32) мен орталықтағы Усман Круббалли (17) жақсы өнер көрсетті.

Баскетбол. ВТБ лигасы. Бірінші кезең «Астана» - «Автодор» 83:78 (25:25, 18:20, 16:19, 24:14).