«Астана»-БАТЭ кездесуі: Азат Нұрғалиев жауапсыз екінші голды салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» мен БАТЭ Еуропа лигасының плей-офф матчында есеп 2:0-ге жетті.

«Астана»-БАТЭ кездесуі: Азат Нұрғалиев жауапсыз екінші голды салды

Алғашқы голды Джуниор Кабананга ойынның 70-минутында салса, 80-минутта Азат Нұрғалиев қақпашының қателігін пайдаланып "Астана" командасының басымдығын еселей түсірді.

Елордалық команда ойында аянып қалып жатқан жоқ. Үсті-үстіне шабуыл жасап, "БАТЭ" қақпасын торуылдауда.

Айта кетейік, кездесу "Астана Арена" стадионында өтіп жатыр. Екі ойынның нәтижесінде жеңіске жеткен команда Еуропа лигасының топтық сынына жолдама алады.

Қарымта матч "Борисов-Аренада" 25 тамызда өтпек.

Еске салсақ, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Астана" футбол клубын "Селтик" ығыстырған болатын.