«Астана» «БАТЭ» командасына гол салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа лигасының плей-офф сынында «Астана» мен БАТЭ арасындағы қарымта кездесуде есеп 1:1 болып теңестірілді.
Алғашқы голды БАТЭ-нің жартылай қорғаушысы Миxаил Гордейчук ойынның 27-минутында салса, екінші таймда ойынның 50-минутында Неманья Максимович есе қайтарды.
Енді келесі кезеңге өту үшін, БАТЭ командасына тағы үш гол салу керек.
Айта кетейік, матч Беларус еліндегі «Борисов-Арена» стадионында өтіп жатыр.
Еске сала кетсек, «Астана» мен БАТЭ арасында Еуропа лигасының плей-офф сынында «Астана Аренада» өткен алғашқы матч 2:0 есебімен қазақстандық команданың басымдығымен аяқталған болатын. Ол кезде «Астана» шабуылшысы Джуниор Кабананга мен Азат Нұрғалиев гол авторлары атанған еді.