Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астана базарларында «Әр тұрғынға қауіпсіз азық-түлік» акциясы өткізілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Астаналық базар», «Шапағат», «Әсем» базарларында үш күн бойы «Әр тұрғынға қауіпсіз азық-түлік» акциясы өткізіледі.

Астана базарларында «Әр тұрғынға қауіпсіз азық-түлік» акциясы өткізілуде

Бұл туралы Астана қаласының Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінен хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында. Акцияның алғашқы күнінде 278 тағам өнімінің сынамасы тексерілді, соның ішінде 210 сынама жеміс-жидектер мен көкөністерден нитраттар қалдығын, 69 сынама тағам өнімдерінің микробиологиялық ластануын анықтау мақсатында тексерілді. Тексерулер қорытындысы бойынша барлық өнімдердің талаптарға сәйкес келетіні және қолдануға қауіпсіз екені нақтыланды. Сондай-ақ акция барысында 74 сатып алушы департамент қызметкерлеріне өздерін мазалаған мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Оларға тауарды қалай қайтару керектігі, сүттің, шұжықтың, ірімшіктің сапасын қалай анықтауға болатыны туралы кеңестер берілді. Шара соңында тұтынушыларға астан уланудың алдын алу және тұтынушылардың құқығын түсіндіру туралы көрнекі құралдар мен материалдар таратылды. Енді департамент қызметкерлері акцияны жүйелі түрде, әсіресе, жеміс-жидектер мен бау-бақша өнімдері көбірек сатылатын кезеңдерде міндетті түрде өткізуді жоспарлап отыр.