08:40, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
Астана базарында кілемдер дүңгіршегі өртенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда базарында кілемдер дүңгіршегінен өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ.
ТЖ кеше Астананың орталық базарының аумағында кеше 17:18 кезінде орын алды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 25 өрт сөндіруші мен 4 техника жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 60 шаршы метрді құрады. ТЖМ ақпараты бойынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттен болған залал көлемі әзірге белгісіз.