06:11, 21 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Астана базарында қызанақ пен қиярдың бағасы реттеледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі жаңа жыл мерекесі қарсаңында бағаны реттеп тұру үшін қызанақ пен қияр сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Көкөністер «Шапағат» коммуналдық базарында сатылады, онда кәсіпкерлер сауда барысында 10%-дан артық қоспауды міндетіне алады.
«Осылайша қызанақтың келісі 500 теңгеден аспайтын болса, қиярдың бағасы 550 теңге көлемінен аспайды, бұл аталған көкөністің тапшылығын азайтып әрі қарай бағасының өсіп кетпеуінің алдын алады», - деп хабарлайды қалалық әкімдік.