Астана: Безендіру бойынша Наурыз мейрамы Жаңа жылдан кемшін қалып отырған жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Наурызға арналған құттықтау мәтіндерінде кемшіліктердің кетпеуі қадағаланып отыр.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Тілепов мәлім етті.

«Жалпы, Наурыз қарсаңында қаладағы безендіру мен дайындық мәселесі көпшілікті жиі толғандырады. Өйткені, тұрғындар ұлттық мейрамға дайындықты Жаңа жылмен салыстырып жатады. Безендіру жұмыстары Жаңа жылда және Наурызда бір ай бұрын жүргізіледі. Әрине, бұл жерде ұлттық мерекеге дайындық көзге көрінбейді деген наз бар. Жаңа жыл кезінде көзге көрінетін шыршалар құрылғаннан кейін ерекшеленіп кетеді. Атап айтқанда, жалпы безендіру жұмыстары бойынша Наурыз мейрамы Жаңа жылдан кемшін қалып отырған жоқ»,-деді Б. Тілепов.

Оның сөзіне қарағанда, қаладағы құттықтау мәтіндерін көбіне жекеменшік ұйымдар, мемлекеттік органдар өздерінің күшімен жасайды. «Кейбір жерлерде мәтіндерде кемшіліктер мен қателіктер болып жатады. Біз оны ұдайы бақылап отырамыз. Әрине, ауқымды жұмыс болғаннан кейін бірен-саран кемшіліктер бар шығар, бірақ ол жүйелі түрде болып жатыр деп айтуға болмайды»,-деді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар