Астана билігі ауыз судың неге берілмей отырғанын түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінің баспасөз қызметі қаланың Кенесары көшесіндегі бірнеше тұрғын үйдің ауыз сусыз қалуына не себеп болғанын түсіндірді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева өзінің Фейсбук парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана билігі ауыз судың неге берілмей отырғанын түсіндірді

«25 тамыз күні сағат 13:00-де Кенесары көшесі 79/1 мекен-жайында «Ақназар» ЖШС кезекті құрылыс жұмыстары кезінде Д=800 ММ ірі магистральды су құбырына зақым келген. Соның салдарынан қазіргі уақытта Кенесары көшесіндегі 79/1, 60, 60а, 79,74,75,75/1,80,82,84 тұрғын үйлер мен жеке сектор ауыз сусыз қалып отыр», - делінген хабарламада.

Дәл қазір «Астана су арнасы» Кенесары 79/1 мекен-жайы бойынша орналасқан магистральды су құбырындағы олқылықтарды жою үстінде.

«Келтірілген шығынды «Ақназар» ЖШС өтейді», - деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.