Астана болашаққа жол ашып отыр - әскери-инженерлік институт түлегі Ә.Хамитов (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының түлегі Әнуар Хамитов ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың қолынан салтанатты жағдайда қызыл диплом алды.
Атап айтқанда, бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана күнінін меркелеу шараларын бастап берді. Осы орайда салтанатты түрде Елбасының қатысуымен Астанада Мемлекеттік тудың көтерілуі өтті. Сонымен қатар жыл сайынғы дәстүр бойынша Мемлекет басшысы үздік 12 курсантқа офицерлік погондарды табыс етті.
Осы салтанатты шараға Аламатыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының түлегі Әнуар Хамитов та қатысты. Ол өзге түлектермен бірге ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың қолынан қызыл диплом алды.
«Астана болашаққа жол ашып отыр. Осы күні елордада болып, Астана күнін мерекелеу аясында Мемлекеттік туды көтеру салтанатты шарасына қатысқаныма өте қуаныштымын. «Офицер болу - ол біріншіден ел алдындағы борыш, ал тек содан кейін ғана кәсіп. Офицерлік міндетті орындау батылдықты, жоғары адамгершілік қасиетті және төзімділікті талап етеді», деп атап өтті бүгін Президентіміз. Мен өзге түлектермен бірге осы айтылған сөздегі мақсат-міндеттерге сай келуге тырысамын»,- деді Ә.Хамитов.
Әнуар Солтүстік қазақстан облысы шал ақын ауданынлағы Ленин ауылында туып-өскен. Мектеп бітірген соң Қорғаныс министрлігі институтына оқуға түсіп, білімге деген аса жоғары ынтасымен ерекшеленіп, көзге түскен.