Астана боранының салдары: Ер адам жансақтау бөлімінде жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада соққан кешегі боран салдарынан қаланың екі тұрғыны зардап шекті. Оның бірінің жағдайы өте ауыр, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жабық бас сүйек-ми жарақатымен 1966 жылы дүниеге келген науқас ауруханаға жеткізілді. Оған ота жасалды. Жедел жәрдемді «Жасыл орам» тұрғын үй кешені аумағынан өтіп бара жатқан адам шақырған. Науқас ес-түссіз жатыр. Сондықтан қазіргі уақытта оның жарақатты қалай алғанын білу мүмкін емес», - деді басқарма басшысы.

Оның айтуына қарағанда, екінші пациенттің басына ғимараттың сыртқы қаптамасы құлап кеткен.  Жалпы  өткен тәулікте елорданың барлық медициналық ұйымдары төтенше жағдай режімінде жұмыс істеді. Дәрігерлердің көмегіне боран салдарынан түрлі жарақат алған 39 адам жүгінді.

Ал жергілікті полицияның мәліметінше, 102 нөміріне 2,3 мың қоңырау түскен.

«Оның 172-сі жол-көлік ережесін бұзуға, 175-і жол оқиғасына байланысты болды. Сондай-ақ 82 адам көлік құралдарының және басқа да мүліктерінің бүлінгендігіне шағымданды. Полиция қызметкерлері қар құрсауынан шамамен 70 көлікті шығарып, 17 адамды қауіпсіз жерге шығарды»,-  деді Астана қалалық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Асқар Амрин.

Соңғы жаңалықтар