Астана бұқаралық функционалдық жаттығулар өтетін әлем қалаларының қатарына қосылуда

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Астана бұқаралық функционалдық жаттығулар өтетін әлем қалаларының қатарына қосылуда.

Астана бұқаралық функционалдық жаттығулар өтетін әлем қалаларының қатарына қосылуда

Бұл туралы елордалық спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қозғалыс - барлық тіршіліктің көзі екені баршаға аян. Адам ағзалары мен мүшелеріне күш түсіп, қозғалып тұрмаса, онда олар өз қызметін нашарлатып, біртіндеп семіп қалатынын мамандар дәлелдегені қашан. Сондықтан қозғалыссыз өмірдің жоқтығын түсінетін уақыт жетті. Ал бұқаралық жаттығулар бұның бәрін халыққа жеткізудің бірден-бір тәсілі. Америка, Еуропа елдерінде функционалдық жаттығулар өте дамыған. Енді осындай бұқаралық спорттық дәстүр Астанада қолға алынып отыр.

Алғашқы жаттығу осы жұмада 3 маусым күні «Оқушылар сарайы» алаңында (Конгресс-Холлдың артында) өтпек. Бұған қызығушылық танытқан әрбір адам қатыса алады. Ал 2011 жылдың 1 қазанына дейін әр сенбі сайын сағат 18.00-19.00 аралығында қаланың ашық алаңдарында бұқаралық жаттығулар өткізіліп тұрады.

Жаттығуларды еліміздің функционалдық жаттығулардың басты маманы, Астана қаласында КАПОЭЙРА қозғалысының негізін салушы мен функционалды тренинг халықаралық конвенцияның презенторы (Мәскеу, Олимпийский) Вадим Цхе өткізеді.

Бұл жұмада функционалдық жаттығуға 700-ден астам адам қатысуы жоспарлануда.