Астана бюджеті І тоқсанда 3,4 пайызға артық орындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың мемлекеттік бюджеті 2018 жылдың бірінші тоқсанында 103,4 % игерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі Астана бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң динамикасы және салықтық әкімшілендірудің жаңа тәсілдері Астанаға мемлекеттік бюджеттің өсу қарқынын қамтамасыз етуде жетекші орынға ие болуына мүмкіндік береді»,-деп хабарлайды ведомство.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша бюджет болжамы 7,4 млрд теңгеге (103,4%) немесе 227,2 млрд теңгеге, оның ішінде 176,6 млрд теңгеге (100 ,7 %), жергілікті бюджет кірісі 51,6 млрд теңге мөлшерінде қамтамасыз етіліп, болжам 6,2 млрд теңгеге (113,8 %) артық орындалды.

«Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер Астананың экономикалық өсуіне жағдай жасау, мемлекеттік кірістерді жинауды ұлғайту және Астанадағы көлеңкелі экономикаға тиімді қарсы тұруға жағдай жасауға бағытталған кешенді шаралардың нәтижесі болып табылады»,-деп хабарлайды ведомство.

Соңғы жаңалықтар