«Астана» Чемпиондар лигасының келесі раундына өтті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Астана" футбол командасы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу туры аясында "Жальгирис" командасын 2:1 есебімен жеңді.

«Астана» Чемпиондар лигасының келесі раундына өтті (ФОТО)

Еске сала кетейік, ойынның 31-минутында Астана есеп ашқан болатын. Гол авторы - Марин Аничич.

Дегенмен екінші таймда, кездесудің 57-минутында литвалықтар сапынан Эливелто есепті 1:1 жеткізді. Дегенмен жиырма минуттан кейін Аничич астаналықтарды алға шығарды. Кездесу соңына дейін аталмыш есеп сақталды.

Еске сала кетейік, командалардың бірінші кездесу Вильнюсте өткен болатын. Және ол 0:0 есебімен аяқталды. 

null null null null null null null null null null null null null null