Астана циркінде «Азия жаңғырығы» қойылымы өтеді

Астана. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Қала күні мерекесіне орай шілденің 4-і мен 6-сы аралығында Астана циркінде «Азия жаңғырығы» халықаралық қойылымы болады,

Астана циркінде «Азия жаңғырығы» қойылымы өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оған өз еліміз бен қырғыздың, өзбектің және қытай мен ресей әртістері қатысады. Көрермендер әлемде дарда жүрудің асқан шеберлері Тәшкенбаевтар әулетінің «Жас Қырғызия» бағдарламасын тамашалайтын болады. Өзбек алыбы Бахром Ақназаров Астана тойына өзі арнайы келгелі отыр. Қытайдан Лю Чжао Фен бастаған дүние жүзінде ешкімге дес бермеген эквилибрист-акробаттар келе жатыр. Ресейдің Василий Трофимов атты мәздемі де осы мерекеде тойшыларға «қызмет етпек».