15:45, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Астана циркінде Тәуелсіздік күнінде қойылым тегін көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 желтоқсанда Елордадағы «Астаналық циркте» ҚР Тәуелсіздік күніне орай елорда тұрғындары мен қонақтарына қайырымдылық цирк қойылымы көрсетіледі, деп хабарлады astana.kz.
Аренада әуе гимнастшылары, «Батыр» атты-акробатикалық ансамбльі, көңілді сайқымазақтар, шоу-балет, акробаттар мен басқа да әртістер өнер көрсетеді. Көпбалалы отбасылардан шыққан, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға және мүмкіндігі шектеулі балалар қойылымды тегін тамашалайды. Цирк әкімшілігі көп жылдан бері қойылымдарды тегін ұйымдастыруды қолға алған. Мұндай шаралар бірінші кезекте қаржылық жағдайы билет алуға мүмкіндік бермейтін отбасылар үшін өткізіледі.