14:06, 04 Шілде 2013 | GMT +5
Astana Dakar Team 2-3 жылдың iшiнде Дакардың ең үздiк командалары қатарына шығады - Артур Ардавичус
АСТАНА. 4 шiлде. ҚазАқпарат - Astana Dakar Team командасын алдағы 2-3 жылда Дакар жарысында көшбасшы командалардың бiрiне айналдыру жоспарлануда.
Бұл туралы бүгiн Астанада өткен баспасөз мәслихатында команда жетекшiсi Артур Ардавичус мәлiм еттi.
"Мен команданы 2-3 жылдың iшiнде Дакардың көшбасшылық позициясына шығарамыз деп сенемiн. Бұл бiздiң жаңа тұжырымдаманың басты мақсаты", - деп атап көрсеттi ол.
"Бiз "Астана" Президенттiк кәсiби спорт клубының қатарына өткенiмiзге қуаныштымыз. Осылайша бiз өзiмiздiң мойнымызға бұдан да үлкен мiндеттер мен жауапкершiлiктi алдық деп санаймын. Барлық күш-қайрат қазiр өзiмiздiң жобаларымызды өмiрге келтiруге және мақсаттарымызға жетуге жұмылдырылуда. Astana Dakar Team үшiн ең бастысы - Дакар жарысында өте жақсы көрсеткiштерге қол жеткiзу. Бұл жылдық жұмысымыздың нәтижелi қорытындысы болар едi", - деп түйдi сөзiн А.Ардавичус.