«Astana Dakar Team» қазақстандық командасы «Дакар-2014» жарысына қатысатын пилоттар құрамын белгiледi
"Бiз ең беделдi "Дакар-2014" халықаралық жарысына дайындықты бастап кеттiк. Команда чехиялық компаниямен келiсiм жасады, ендi ұжым жарыс жолына "Tatra" жүк көлiгiмен шығатын болады. Ұсынылған көлiк өте қуатты, сондықтан оның жүрiсiне икемделуiмiз қажет, себебi оның шассиi мүлдем жаңа технологиямен құрастырылған. Жүргiзудiң белгiлi бiр стилiн жасақтап алу керек. Алдымызда көптеген сынақтар, жаттығу сессиялары күтiп тұр, сондай-ақ "Tatra" зауытының инженерлерiмен бiрлескен қыруар жұмыстар бар", - дедi А.Ардавичус.
Оның атап өткенiндей, Дакарға "Tatra" жүк көлiктерiнде Ардавичус бастаған 6 команда, жол талғамайтын көлiктер санатының Т2 класында Nissan Patrol көлiгiмен Денис Березовский, Т1 класында Айдын Рахымбаев пен Бауыржан Исабаев HiLux Overdrive көлiгiмен шығады.
Дакарға дайындық ретiнде ертең, 5 шiлдеде команданың 3 экипажы "Жiбек жолы-2013" ралли-рейдiне қатыспақ. Ралли Мәскеу мен Астрахан қалалары арасында өтедi және 4 мыңнан астам шақырымды құрайды.