Астана денсаулық сақтаудың қуатты әлеуетіне ие - Н.Назарбаев

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Астана денсаулық сақтаудың қуатты әлеуетіне ие, деп жазады ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін баспасөзде жарық көрген «Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» деген тақырыптағы мақаласында.
None
None

«Қазіргі Астана денсаулық сақтаудың қуатты әлеуетіне ие. Мұнда 6 заманауи клиниканы: Нейрохирургия ғылыми орталығын, Балаларды оңалту орталығын, Диагностикалық орталықты, Ана мен баланы қорғаудың ұлттық ғылыми орталығын, Жедел медициналық көмек ғылыми орталығын, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықты біріктірген жаңа медициналық кластер құрылды», - деп атап өтеді Елбасы.

Мемлекет басшысының жазуынша, оларда адам мүшелерін ауыстыру жөнінде ғажайып операциялар жасалуда. 2012 жылдың өзінде ғана үлкендер мен балаларға бүйрек, кемік майы және тіпті жүрек трансплантациясының 40-қа жуық сәтті отасы жасалды.

«Елордалық клиникаларда емдеуден өткізілгендердің 60 пайызға жуығын басқа өңірлерден келген емделушілер құрағандығының өзі елеулі көрсеткіш. Мұның сыртында емделу үшін шетелдерден келетін емделушілер саны да арта түсіп отыр. Бізге әлемнің 20 елінен 200-ден астам адам келіп емделді», - дейді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум