Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астана дүкендерінде ерлерге арналған етекті белдемше сатыла бастады

АСТАНА. қазАқпарат - Қазіргі сән маусымының ерекшелігі қазақтың менталитетіне сай келмейтін киім түрі - ерлерге арналған етекті белдемшенің (юбка) шығуы болып тұр. Елордадағы дүкендердің бірінде Жан Поль Готьенің топтамасынан алынған осындай киімдер саудаға шығарылыпты, деп жазады "Экспресс-К" басылымы.

Астана дүкендерінде ерлерге арналған етекті белдемше сатыла бастады

Бутик иесі Әйгерім Баязбаева ер адамның белдемшесі Астанада сатылатынына күмәні бар. Дегенмен тұрақты клиенттеріне өзінің соңғы сәннен хабарсыз емес екенін көрсету үшін сатып алып, шығарып қойған. Әсіресе Кончита Вурсттың «Евровидениедегі» жеңісінен кейін сатылмаса да, сөреде тұрғаны дұрыс деп шешкен Әйгерім. «Жан Поль Готье, Вивьен Вестфуд пен Кензо сән үйлері ер адамдарға осы жылы жазда белдемше киюге кеңес береді, - дейді Баязбаева. - Олар әйелдердің белдемшесінен айтарлықтай ерекше: юбкалар қалың матадан тігілген және белге оралған кәдімгі орамалды еске салады». Көргеннің жағасын ұстатар бұл киім Баязбаеваның бутигіне келген клиенттердің де ашуын туғызды. Дегенмен Әйгерім оны тек имамның қатаң ескертуінен кейін ғана сөреден алып тастады. Имам Әйгерімге Құранда егер ер адамдар әйелдерден ерекшеленуден қалса, ақыр заманның жақындағанынан хабар береді деген.