«Астана» экипажы Дакардың соңғы кезеңін аяқтады

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» командасының экипажы «Дакар-2013» ралли-марафонының соңғы кезеңін 91-інші орында аяқтады.

«Астана» экипажы Дакардың соңғы кезеңін аяқтады

Бұл туралы Vesti.kz сайты жазды.

Mebar M440 жол талғамайтын көлігін басқарған Бауыржан Исабаев пен Дмитрий Югай Сантьягоның Ла-Сиренасынан басталған жарыста келеңсіздіктерге тап болды. 625 шақырымдық жарыс жолды қазақстандық экипаж 7 сағатта еңсерді. Олар 14-інші кезеңнің жеңімпазы «Минидің» тізгінін ұстаған испандық Хоан Нани Ромеден 5 сағат 15 минут 50 секундқа кешікті.

Айта кетейік, қазақстандық экипажға бір сағат көлемінде айып салынды.

"Дакар"-2013. Жол талғамайтын көліктер. 14-інші кезең:

1. Хоан Нани Рома (Испания, "МИНИ") - 01:44.10;

2. Орландо Терранова (Аргентина, "БМВ") +0.13;

3. Лусио Эсекьель Альварес (Аргентина, "Тойота") +0.31;

4. Жиньель Де Вильер (ОАР, "Тойота") +1.27;

5. Герлен Шишери (Франция, "СМГ") +2.05;

6. Робби Гордон (АҚШ, "Хаммер") +2.17;

7. Леонид Новицкий (Ресей, "МИНИ") +2.34;

8. Карлос Соуза (Португалия, "Грейт Уолл") +3.19;

9. Джоффри Олхолм (Австралия, "Тойота") +3.22;

10. Стефан Петерансель (Франция, "МИНИ") +3.43;

...

91. Бауржан Исабаев (Қазақстан, "Астана") +5:15.50.