Астана экономикалық форумы аясында инновациялық кластерлерді қалыптастыруды талқылау жоспарланған

«VI Астана экономикалық форумы щеңберінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бірлесіп «Индустриялық революция - «жасыл» экономикаға көшу» атты панелдік сессиясын өткізеді», - делінген ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.
Сессия барысында «жасыл» экономиканың негізгі сипаттамалары, оның даму жолындағы кедергілер, шет елдерінің жаңа экономикалық үлгіге ауысу бойынша озық тәжірибесі, сондай-ақ экономиканы жаңғырту мен тұрақты дамытудың басқа да өзекті мәселелері талқыланады.
Талқылау нәтижесінде Рио+20 Саммитінің шешімдерін іске асыруға бағытталған одан әрі жасалатын практикалық қадамдар бойынша ұсынымдары бар бұрыштамаларды әзірлеу жоспарланып отыр.
Бұл шара қазақстандық және шетел сарапшылары, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Сессия жұмысына 100-ден аса адам қатысады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында сессияның ұйымдастырушылары G-global ақпараттық-коммуникативтік алаңында он-лайн конференцияны өткізуді көздейді.