Астана экономикалық сотына І жартыжылдықта 6 120 талап арыз түсті
2015 жылғы бірінші жартыжылдықта Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 6 120 талапарыз түскен, олардың 5 694-і қаралып, шешім шығарылды, оның ішінде 501-і сырттай тәртіпте қаралды.
Өндірісте 6916 іске нүкте қойылды. Осылайша, орташа өткен кезеңде әр судья 271 сот актісін шығарды.
Сот әділ сотқа қолжетімділік қағидатын сақтау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Оның аясында талап арызды қайтару, қозғалыссыз қалдыру мәселелері шешімін табуда. Талап арыз қабылдаудан негізсіз бас тартуды жоюға шаралар қабылдануда. Сонымен, өткен кезеңде сот 621 өтінішті кері қайтарды, 113 жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартылды. Бұл сотқа келіп түскен өтініштердің 1,8 пайызын құрайды.
Сот ісін жүргізуге ақпараттық технологияларды енгізуге байланысты «Сот кабинеті» қызметі арқылы электрондық түрде өтініш қабылдау жұмыстары ретке келтіріп, жүргізілуде. Бұл қызмет талап арыздарды және басқа да электрондық құжаттарды қабылдау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулықпен реттеледі де жеке және заңды тұлғаларға үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ сотқа өтініш беруге мүмкіндік береді. Бұл ретте мемлекеттік баж да электрондық түрде төленетін болады.
Сонымен, өткен кезеңде Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 485 электрондық талап арыз келіп түсті.