11:30, 11 Тамыз 2015 | GMT +5
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК құрылыс жөніндегі экс-басқарушы директорын тұтқындау мерзімі ұзартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - №2 Алматы аудандық соты «ЭКСПО-2017» ҰК АҚ құрылыс жөніндегі бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Баркинхоевті тұтқындау мерзімін ұзартты, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Астана қаласындағы №2 Алматы ауданының соты прокурор қолдаған тергеушінің ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бөлімі, 176-бабы, б тармағында көзделген қылмыстарды (Сенім тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таражға салу) жасауға күдікті Суламбек Баркинхоевке қатысты бұлтартпау шарасын ұзарту туралы қолдаухатын қанағаттандырды.
Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 3 айға дейін, яғни, 2015 жылғы 17 қыркүйекке дейін ұзартылды.