Астана ел бюджетіне қанша қаржы құяды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы Астана республикалық бюджетке 800 млрд теңге аударуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін қала әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана ел бюджетіне қанша қаржы құяды

«2018 жылы Астана қаласынан республикалық бюджетке 800 млрд астам теңге аударылады, бұл республикалық бюджеттен түскен 155 млрд теңгені құрайтын трансферттер көлемінен бес есеге көбірек», - деді қала әкімі «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында өткен жиналыста.

Оның айтуынша, 2018 жылы жалпы халықтың шамамен 6,6% Астана қаласында тұрып жатыр. Қала республикалық ЖІӨ 10%-ін өндіреді және инвестициялардың 9,5%-ін және мемлекеттік бюджетке кірістердің 13%-ін шоғырландырады.

Бұған дейін қала әкімі халықтың көбеюі салдарынан ең көп ауыртпалық мемлекеттік қызметшілерге түскенін атап өтті.  Сонымен бірге, әкім өткен жылы 9 құрылымдық бөлімшенің қысқартылғанын жеткізді.