15:36, 15 Ақпан 2013 | GMT +5
Астана элеваторларында өңделетін 10 мың тоннадан астам бидай бар
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Астана қаласының астық нарығына қатысушылардың қоймасында 2013 жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша, 122 179 тонна астық бар болса, оның - 122 179 тоннасы азық-түліктік дақыл, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты Статистика департаментіне сілтеме жасап.

Негізгі азық-түлік дақылдарына бидай (жалпы астықтың 99,6% -ы азық-түлікке), қара бидай (0,1%), жүгері (0,1%) және арпа (0,2%) жатады.
Азық-түлікке деп бөлінген бидайдың ауқымды мөлшері (91%) қала элеваторларында сақталған. Қаланың ұн комбинатында өңделетін 10 447 тонна бидай, 241 тонна арпа, 143 тонна жүгері бар.
Бұған дейін хабарланғанындай, Астана қаласы әкімдігі мен қаланың астық өңдейтін кәсіпорындары қалыпта пісірілетін нан, бірінші сұрыпты ұн, кебекке бағаны тұрақтандыру іс-шаралары жөнінде Меморандумға қол қойған болатын. Осыған байланысты елорда тұрғындары Меморандумға қол қойған бірқатар мекемелерден аталған өнімдерді арзандатылған бағамен сатып ала алады.