Астана емханаларында 360-тан астам адамға тегін кеңес берілді

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Елорда емханаларында ашық есік күндері өткізіліп, онда 360-тан астам адамға кеңес берілді.

Астана емханаларында 360-тан астам адамға тегін кеңес берілді

Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Екі күн бойы жас жұптар мен отбасыларға салауатты өмір салты мен репродуктивті денсаулықты қорғау ережелері бойынша тегін консультациялар берілді. Емханаларда психолог, педиатр, гинеколог, терапевт дәрігерлерінің көмегін алу үшін жастарға жеке кабинеттер бөлінді.

Бұдан басқа, медицина қызметкерлері «Отбасыдағы конструктивті қарым-қатынас машықтары» тақырыбында коммуникативті тренинг өткізді. «Балаларға қауіп төнсе...» тақырыбында ақпараттық-білім беру материалдары, «Сіздің қорғау құқығыңыз» әйелдерге арналған ескертпе көмек құралы таратылды. Сонымен қатар, жастар үшін «Отбасын жоспарлау орталығы» кабинеті де ашылды.

Іс-шараның мақсаты - жастарға, отбасы құрғандарға немесе отбасын құруды жоспарлап отырғандарға ақпараттық-білім беру, соның ішінде медициналық көмек көрсету, әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу және туындау тәуекелін азайту мәселелері бойынша жәрдемдесу.