Астана емханаларында бахилдер тегін беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада медициналық мекемелерде бахил беруді реттейтін бірегей қағидалар әзірленіп жатыр. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындар кей емханалардың бахилді тегін беретінін, ал бірқатар емханалардың ақшаға сататынын айтып, шағымданды.

«Өте дұрыс сұрақ. Соңғы уақытта осы сұрақ жиі қойылып жүр. Анығында емханаларда бұл қызметтің тегін немесе ақылы болуын реттейтін нақты қағида жоқ. Сол себепті, қазір Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, барлық медициналық ұйымдарға арналған стандарттарды нақтылау мен жүйелеу бойынша ауқымды жұмыс атқарудамыз. Жақын арада бұл мәселені түбейгейлі шешіп, бахилдер тек қана тегін беріледі деген ойламын», - деп жауап берді Камалжан Надыров.

Соңғы жаңалықтар
telegram