Астана емханаларында берілген медициналық анықтамалардың жалған еместігін арнайы сайтта анықтауға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың емдеу мекемелерінде берілген медициналық кітапшалардың, сырқаттық парақшалар мен анықтамалардың нақтылығы жайлы фактілерді енді 086.kz интернет-ресурсынан анықтауға болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Астана емханаларында берілген медициналық анықтамалардың жалған еместігін арнайы сайтта анықтауға болады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментінің тәртіптік кеңесінде мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен ар-намыс кодексін бұзу фактілері қаралды. - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында мемлекеттің басты басымдығы ретінде мемлекеттік қызметтердің сапасының артуына тәуелді болып отырған халықтың өмір сүру деңгейінің нәтижелі өсуін атады, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің елордалық департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Тілеген Қасқин. Елордалық ведомство басшылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметтер сапасының артуы туралы баяндама жасады. - Жалған анықтамаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айгүл Сегізбаева - Медициналық кітапшалар, сырқаттық парақшалар және анықтамалардың сатылғаны жайлы фактілер бар. Біздің ведомствоның бастамасымен 0.86/у, 0.82/у және 108/у нұсқасындағы жалған анықтамалардың алдын алу шаралары бойынша төртжақты бұйрыққа қол қойылды. Медициналық тексеру жүргізуге құқылы ұйымдарда жыл сайын өзгеріп отыратын бланктерге голографиялық қорғаныш енгізілді. Бланктерде интернет сілтемесі көрсетілген. 086.kz интернет-ресурсын жасадық, сол жерде берілген анықтамалар жайлы ақпарат орналастырылады. Сонымен қатар жиын барысында сегіз тәртіптік іс талқыланды, олардың бесеуі жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша қозғалды. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар мемлекеттік органдар басшыларына жекелеген лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза тағайындау ұсынысын енгізу туралы шешім қабылданды.