«Астана-ЕРЦ» ЖШС бас директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Астана қаласы бойынша департаменті «Астана-ЕРЦ» ЖШС бас директорына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Қылмыстық іс ҚР ҚК 176 бабы 3 бөлімінің «б,г» тармақтары бойынша (сеніп тапсырылған бөгденің мүлкін иемденіп кету немесе талан-таражға салу) қозғалды.

«Азамат К. 2012 жылдың шілде айында «Астана-ЕРЦ» ЖШС-не тиесілі ғимаратта күрделі жөндеу жүргізбей, сол арқылы мемлекетке 1,5 млн. теңге көлемінде шығын келтірген», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Астана-ЕРЦ» ЖШС - коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді есептеу және жинауды жетілдірумен айналысатын арнайы кәсіпорын.

Соңғы жаңалықтар