Астана-Ерейментау күре жолында жеңіл автокөлік 47 жолаушысы бар автобуспен соқтығысып қалды, адам шығыны бар - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат - Кеше, сейсенбі күні республиканың жоғары жылдамдықты автожолдарында 4 жол-көлік оқиғасы орын алды.Оның салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 7 адам түрлі дене жарақаттарын алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Мәселен, Ақмола облысы Астана-Ерейментау автожолының 110-шы шақырымында 21 сағат 10 минутта «Мерседес» жеңіл автокөлігі ішінде 47 жолаушысы бар «Неоплан» үлгісіндегі маршрутты автобуспен соқтығысып, оның салдарынан «Мерседестің» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмып, оның 33 жасар жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Алматы облысы Алматы-Бішкек автожолының 135-ші шақырымында 14.20-да «Мерседес» және «Тойота» автокөліктерінің соқтығысуынан бірінші көліктің жолаушысы оқиға орнында мерт болса, екінші көліктің жүргізушісі мен оның 29-дағы жолаушысы жаңа туған нәрестесімен бірге ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Жезқазған-Петропавл автожолының 909-шы шақырымында «Тойота» машинасы «КамАЗ» жүк көлігімен түйісіп, жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жеңіл көліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында жан тәсілім етті.

Маңғыстау облысы Бейнеу-Ақтау автожолының 40-шы шақырымында «КамАЗ» автокөлігі аударылып, оның салдарынан көліктің 51 жастағы жолаушысы құрбан болды, жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарын алды.

Соңғы жаңалықтар