«Астана-Еуразия кеңістігіндегі жаңа Елорда» атты халықаралық конференция өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Еуразия кеңістігіндегі жаңа Елорда» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияда Елбасының халықаралық деңгейдегі Астананың жаңа имиджін қалыптастыру аясындағы атқарылған жұмыстары мен жетістіктері туралы баяндалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Конференция жаңа Астана идеясын насихаттау, Еуразия кеңістігінде Астана қаласының қалыптасу және даму тарихын зерделеу, Астананың  халықаралық аренадағы қауіпсіздік, бейбітшілік және толеранттылық мәселелері бойынша іс-шаралар тәжірибесін кеңінен тарату мақсатымен ұйымдастырылды.

«Астананың Елорда болғанына 20 жыл болғанымен оның тарихы тереңде. Айталық, «Мәңгілік Ел» қақпасы салынуының өзіндік тарихы бар. Әуежайынан қалаға келетін Орынбор, Тұран даңғылдарын саларда мәселе туындады, себебі бұл қорғанның астында 3 мың жыл бұрын бабаларымыздың қабірі жатыр. Осындай тарихи сәтте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен сол кездегі әкімі Иманғали Тасмағамбетов орынды әрі әділ шешім қабылдады, қабір қадірсіз қалдырмай «Мәңгілік Ел» қақпасын салу. Міне бүгінде ол Астананың ғана емес, еліміздің басты символдарының бірі болып тұр», - деді ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Оразақ Смағұлов. 

Конференция қатысушылары өз баяндамаларында Астананың қалыптасу тарихынан бастап, 20 жыл жүріп өткен жолы, одан бөлек Елбасының Астананы елорда ғана қылып қоймай, Еуразияның жүрегіне айналдыруы сөз болды. Себебі, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын мерекелеу Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы идеясымен ұштасып жатыр.

«Мен Астананың 20 жылдығын жай мерейтой емес, тамаша табыстың 20 жылдығы дер едім. Италияда керемет қаланың өзіне тән үш факторы болуы тиіс, ол алдымен өзіне тән ерекшелігі, әдемілігі, екінші кезекте ыстық жүрегі және ашық, жарқын ақыл. Аталған факторлардың барлығы Астанадан табылады», - деді Қазақстандағы Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Паскуале Д'Авино.

Конференция аясында қонақтарға ҚР Ұлттық музейі ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Астана қаласының мерейтойына арналған кітап көрмесі ұсынылып және «Астана» залына экскурсия өткізілді. 

Соңғы жаңалықтар