«Астана» Еуропа Лигасындағы ойындарын аяқтады

Командалардың екеуі де турнирдің плей-офф кезеңіне өту мүмкіндігінен айырылғанына қарамастан, кездесу қызықты өтетіні күтілді. Швейцарлықтар чемпионатта жақсы қадамға ие болған еді, ал астаналықтар маусымды жақсы сарында аяқтауға ниетті болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-қа сілтеме жасап.
Нәтижесінде, «Астана» 5 ұпай иеленіп, Еуропа Лигасы тобында соңғы - төртінші орынға орналасты, енді келесі маусымды күтеміз.
«Янг Бойз» (Берн, Швейцария) - «Астана» (Астана, Қазақстан) 3:0 (0:0) Голдар: Фрай 63 (1:0), Оаро 66 (2:0), Шик 71 (3:0)
«Янг Бойз» командасының құрамы: Мвого, фон Берген, Бертоне, Герндт, Шик, Саттер, Нуху, Обексер (Бенито 67), Саного, Эбишер (Фрай 61), Оаро (Дуа 78)
«Астана» командасының құрамы: Эрич, Максимович, Мужиков (Жүнісов 87), Деспотович (Наджарян 77), Шитов, Бейсебеков, Твумаси, Логвиненко (Малый 55), Кабананга, Шомко, Каньяс
Бас төреші: Клейтон Пизани (Мальта)
8 желтоқсан. Берн. «Стад-де-Суисс».