Астана Еуропа мен Азияның гауһар тасына айналды - Литва Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстан халқы Астана күнін тойлауда. Өйткені, елорданың туған күні - жалпыхалықтық мереке. Астана Қазақстан халқының рухани өрлеуінің тірегіне, бірлігі мен ынтымағының белгісіне, еліміздің жасампаз жеңістерінің көрінісіне және қазақстандық арманның іске асуының айқын дәлеліне айналды.

Астана Еуропа мен Азияның гауһар тасына айналды - Литва Президенті

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі мемлекеттік, қоғамдық және діни қайраткерлердің Қазақстан және оның елордасы жайлы құттықтауларын,пікірлері мен тілектерін сіздердің назарларыңызға ұсынады.

«Қазақстанның жетістігі - аз уақыттың ішінде Астана Еуропа мен Азияның және сіздердің мемлекеттеріңіздің гауһар тасына айналды. Бұл Президенттеріңіз бен халқыңыздың қосқан үлесі. Бұл сіздердің елдеріңіздің қарқынды дамып, бұл аймақтың орталығына айналып жатқанын көрсетеді. Мемлекеттеріңіз тез дамып, әлемдік аренада маңызды орын алғаны қуантады»,- деген Литва Президенті Даля Грибаускайте өз құттықтауында.