10:24, 07 Тамыз 2015 | GMT +5
«Астана» ФК «Қайратты» Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шыққанымен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубы «Қайрат» ФК-ын УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шыққанымен құттықтады.
«Бүкіл Қазақстан футболы «Абердин» сияқты мықты қарсыласпен жауапты ойынның барысын демін ішіне жұта тамашалады. Ойын ауыр болды, бірақ футболшылар алға қойған міндетін орындап, елге тағы бір мереке, мақтаныш сезімін сыйлады!
Топтық кезең жолының шешуші кезінде табысқа жетуді шын жүректен тілейміз!», - делінген құттықтауда.