«Астана» ФК Кумыковқа көз тігіп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубы болашақ жаттықтырушы ретінде «Шахтер» бапкері Виктор Кумыковтың кандидатурасын қарастыруда, деп хабарлайды sports.kz.

«Астана» ФК Кумыковқа көз тігіп отыр

Ең танымал қазақстандық жаттықтырушы Виктор Кумыков - «Астана» футбол клубының бас бапкері лауазымына қарастырылып отырған басты кандидат.

Сонымен қатар клубтың бұл орынға сербиялық жаттықтырушы Славолюб Муслинді шақыруы да әбден мүмкін. Қалай дегенмен, «Астана» басшылығы бас бапкердің есімін жақын күндері жарияламақ ниетте.