«Астана» ФК румындық футболшыға миллион долларға келісімшарт ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Румындық жартылай қорғаушы Эрик Бикфалви Қазақстанда өзінің спорттық жолын жалғастыра алады. «Волынь» командасы сапында Украина чемпионатында он гол соққан саңлақ спортшыға «Астана» футбол клубы қызығушылық танытуда.
None
None

«Астана» Бикфалвиге миллион доллар сомасында келісімшарт ұсынды. Алайда Эрик Қазақстанға келуге асығар емес. Себебі ол мұндай жағдайда өзінің құрамаға қабылдану мүмкіндігі едәуір азаятынын түсінеді.

Бикфалвиге «Астанадан» басқа Түркия мен Германиядан да бірнеше клубтар көз тігіп отыр. Бикфалви «Волыньмен» келісімшарты аяқталуына әлі де жарты жыл бар екенін, Луцкідегі жағдайына қанағаттанатындығын мәлімдеді, деп жазды sports.kz.

Соңғы жаңалықтар