01:30, 25 Қараша 2015 | GMT +5
«Астана» ФК жанкүйерлері «Бенфика»-мен матчында шырқайтын әнұран мәтінін жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубының жанкүйерлері Facebook желісіндегі парақшасында «Номад» жанкүйерлер қозғалысы ұсынған әнұрандарын жарияланды.

«Бұл әнұранды ертең бүкіл сектор бірге шырқайды. Сіз де қосылыңыз!» делінген хабарламада.
Еске салайық, астаналық футболшылар 25 қарашада УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында «Астана Арена» стадионында кешкі сағат 21.00-де Португалияның «Бенфика» командасына қарсы ойнайды. Сонымен қатар 9 желтоқсанда «Астана» ФК түріктің «Галатасарай» командасымен сырт алаңда ойын өткізеді.
«Астана» ФК әнұраны:
Жігіттер, жігіттер, Биікке өрлеңдер Ел үшін, жер үшін Намысты бермеңдер Нардың күші дарып, Жүрек дүрсіл қағып Жетіңдер жеңіске Шаршы топты жарып.
Қайырмасы: Алға, алға, алға, Астана жігіттері Сенім артқан жансын халық үміттері, Көк аспанда желбіресін көк байрағың Жаса мәңгі, Астанамның жігіттері.