«Астана» ФК жаттықтырушысына 350 мың теңге айыппұл салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 сәуірде өткен Бақылау-тәртіптік комитеттің отырысында мынадай шешімдер шығарылды, деп хабарлады Sports.kz.
Премьер-Лига
III тур
«Астана» - «Ақтөбе»
- «Астана» футбол клубының жаттықтырушысы Аркадий Бакулинге мынадай санкциялар қолданылсын;
1) төрешілердің рұқсатынсыз техникалық аймақ сыртына шыққаны үшін - 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
2) матч барысына араласқаны үшін - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде айыппұл салынсын.
-«Астана» футбол клубы бас жаттықтырушысының ассистенті Григорий Бабаянға техникалық аймақтан нұсқау беруге қатысты ойын ережесін бұзғаны үшін «ескерту» түрінде санкция қолданылсын.
«Ордабасы»
- «Ордабасы» футбол клубының бас жаттықтырушысы Б.Байсейітовке БТК-нің 2016 жылғы 30 наурыздағы шешімімен салынған «екі матчқа ойыннан шектеу» түріндегі санкцияны жүзеге асырудың мынадай тәртібі белгіленсін: бір матч - нақты біліктілігінен айыру, бір матч үшін шартты жаза ретінде алты ай мерзімге сынақ мерзімі тағайындалсын. Б.Байсейітовті біліктіліктен айыру мерзімі 2016 жылғы 21 наурыздан басталсын.
«Тараз»
-«Тараз» футбол клубының біліктілігінен айырылған ойыншысы Олег Недашковскийге шартты жаза қолданудан бас тартылсын.
Екінші Лига
«Астана»
-«Астана» футбол клубының біліктілігінен айырылған ойыншысы Әбілқайыр Ысмайыловқа шартты жаза қолданудан бас тартылсын.