Астана форумы: Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруға кедергілер аталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана халықаралық форумы шеңберінде өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінде Қазақстан мен Орталық Азиядағы «EY» компаниясының басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков елдегі инвестициялық климатты қолайлы етуге кедергі болып отырған мәселелерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Біз елдегі инвестициялық климатты жақсарту бойынша бірқатар мәселелерді анықтадық. Олардың ішінде экспортқа шығатын мұнай мен мұнай өнімдеріне салынатын кедендік салық, Экологиялық кодексті жетілдіру және кадрлардың біліктілігін арттыру есебінен адами капиталды дамыту бағыттары бар.

Құрметті Президент, бұл біздің кейінгі 12 айда атқарған жұмыстарымыздың қысқаша қорытындысы. Бұған дейін біз Қазақстан тарапына шешуді талап ететін мәселелер бойынша 8 нұсқаулық берген едік. Алайда әлі күнге дейін біздің өтінішіміз орындалмай келеді. Сондықтан мен осы 8 нұқсаулықты аталған пленарлық сессияның хаттамасына енгізуді сұраймын. Бұл біздің болашақ жұмысымыз үшін аса маңызды», - деп ұсыныс білдірді Ерлан Досымбеков.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумы аясында өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар