«Астана» футбол клубы әлеуметтік желіде журналистермен сөзге келгені үшін жартылай қорғаушысын жазалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» командасының жартылай қорғаушысына клуб басшылығы айыппұл салды.

«Астана» футбол клубы әлеуметтік желіде журналистермен сөзге келгені үшін жартылай қорғаушысын жазалады

«Георгий Жуков әлеуметтік желіде журналистер, жанкүйерлермен керісіп, сөзге келгені үшін тәртіптік жазаға тартылды. «Астана» ФК басшылығынан ол «ойыншы өзін мұндай жағдайларда емес, футбол алаңында танытуы қажет» деген қатаң ескерту алды. Нәтижесінде жартылай қорғаушыға айыппұл салынды», - деп хабарлады ФК баспасөз қызметі.