«Астана» футбол клубы алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубы Қазақстан чемпионы болды. Бірер сағат бұрын елорда аяқдопшылары өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» қабылдап, 3-0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлады 24.kz.
Айта кетейік, астаналық команданың басты қарсыласы алматылақ «Қайрат» ақтөбеліктерден жеңіліп қалды. Осылайша 42 ұпай жинаған Станимир Стойловтың шәкірттері еліміздің премьер-лигасында жүзден жүйрік шықты.