«Астана» футбол клубы екі ойыншымен толықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубы екі ойыншымен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана» футбол клубы екі ойыншымен толықты

Оның бірі - Сербия ұлттық құрамасының қорғаушысы Антонио Рукавина. Екіншісі - Әзербайжан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысыРичард Алмейда.

Қос футболшыны жеке-жеке таныстырып өтсек:

Антонио Рукавина

Туған күні: 26.01.1984

Алаңдағы орны: оң қапталдағы қорғаушы / оң қапталдағы шабуылдаушы қорғаушы

Бойы, салмағы: 178 см, 73 кг

Азаматтығы: Сербия

Ұлттық құрама сапында 49 ойын өткізген.

Ричард Алмейда

Туған күні: 20.03.1989

Алаңдағы орны: орталық жартылай қорғаушы / шабуылдаушы жартылай қорғаушы / тірек жартылай қорғаушы

Бойы, салмағы: 178 см, 67 кг

Азаматтығы: Әзербайжан

Ұлттық құрама сапында 8 ойын өткізген.

***
Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының қатысушысы Антонио Рукавина клубтың баспасөз қызметіне берген сұxбатында неліктен Қазақстанның төрт дүркін чемпионын таңдағаны туралы айтты: 

- Мен "Астана" туралы көп білемін, өйткені Испанияның "Вильярреал" командасының құрамында Қазақстан астанасында УЕФА Еуропа Лигасының матчына қатыстым. Сондықтан да "Астана" - Қазақстандағы үлкен клуб екенін білемін. Клуб басшылығы мені Қазақстанда көргісі келіп, бірер сағаттың ішінде ұсыныс жіберді. Ұсыныс маған тура келді, міне мен осындамын.

- "Астананың" ұсынысын қабылдаудан бұрын кіммен болса да ақылдастыңыз ба?

- Әрине, "Астанада" Балқан түбегінің ойыншылары біршама. Мен клубтағы аxуал, отбасымның қаладағы өмір сүру жағдайы туралы солардан сұрадым. Олардың барлығы да қала және клуб туралы тек қана жылы пікірлер білдірді.

- "Астанада" өз алдыңызға қандай мақсаттарды қоясыз?

- Мен биыл карьерамда алғаш рет Еуропа Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнауға әрекет жасаймын. Әрине, біз әлі іріктеу кезеңінің басында тұрғанымызды түсінемін. Бірақ "Астананың" өз алдындағы міндеттемелерін орындай алатынына - Қазақстан чемпионатын ұтып, еурокубоктардың топтық кезеңінде ойнай алатынына сенімдімін.