«Астана» футбол клубы УЕФА тізіміндегі топ-60-қа ілікті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) өз сайтында клубтардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.
Осы тізімге сәйкес, елордалық клуб рейтингте 57-ші орында тұр.
«Астана» клубы «Милан», «Эвертон», «Саутгемптон», «Вест Хэм»
клубтарынан жоғары орында орналасты.
Рейтинг клубтардың еурокубоктағы соңғы
бес маусымда өнер көрсетулері негізінде есептеледі.
1. «Реал» - 146,000
2. «Барселона» - 138,000
3. «Бавария» - 128,000
4. «Атлетико» - 127,000
5. «Ювентус» - 124,000
...
57. «Астана» - 27,500
208. «Қайрат» - 5000
260. «Тобыл» - 3850
262. «Ертіс» - 3850
264. «Ордабасы» - 3850
267. «Ақтөбе» - 3850
271. «Шахтер» - 3850.