«Астана» футбол клубын тағы бір «шахтерлік» ойыншы толықтырды

АЛМАТЫ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» футбол клубы серб легионері Душан Петрониевичпен келісім-шарт жасасты. Биылғы маусымда бұл ойыншы Қарағандының «Шахтер» футбол клубы құрамында өнер көрсеткен болатын.

 «Астана» футбол клубын тағы бір «шахтерлік» ойыншы толықтырды

Қарағандылықтардың сапында ел чемпионы атанған бұл аяқдопшы Сербияның ұлттық құрамасында Оңтүстік Кореямен болған жолдастық кездесуге қатысты. Сондай-ақ жергілікті «Обилич», «БАСК», «Борац» және ирандық «Дамаше» клубында өнер көрсетті.