«Астана» футбол клубының ең пайдалы ойыншылары анықталды

АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі, аяқ доп жанкүйерлерінің клуб сайтындағы дауыс беру қорытындысы бойынша үздік ондыққа кірген пайдалы ойыншылардың тізімін жариялады.

«Астана» футбол клубының ең пайдалы ойыншылары анықталды

Оларды анықтау кезінде ойыншылардың қоржынына  доп соғылған матчта өнер көрсетсе +1, ал оны өткізіп алса -1 деген белгі қойылып отырған. Соның нәтижесінде +18 баллмен бұл тізімді Михаил Рожков (47-29) пен Ненад Эрич (40-22) бастап тұр. Ал Қайрат Нұрдәулетов (36-19), Ұлан Қонысбаев (32-15), Виктор Дмитриенко (29-12) - 17, Димитрий Лазеревски (43-28), Марат Шахметов (33-18), Валерий Коробкин (30-15) - 15, Сергей Остапенко (40-26) - 14, Таңат Нөсербаев (35-23) пен Дамир Кояшевич (16-4) - 12 мәрте астаналықтар қарсылас қақпасынан саңылау тапқанда команда сапында өнер көрсеткен.