«Астана» футбол клубының қосалқы құрамы алғашқы жиынын бастады
АЛМАТЫ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана» футбол клубының қосалқы құрамы жаңа маусымға дайындықтағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. 26 желтоқсанға дейін созылатын бұл жиынға 1995, 1996 және 1997 жылғы жас аяқдопшылар тартылып отыр.
Байқауға шақырылғандардың ішінде қақпашылардан: Римас Мартинкус (1993), Александр Коночкин (1994), Александр Сидоров (1995), Олжас Галимов (1996); қорғаушылардан: Даниил Стасюнас (1993), Әділ Жақыпбаев (1994), Малик Куржев (1995), Біржан Құлбеков (1994), Александр Шарифуллин (1995), Әбілқайыр Исмаилов (1995), Игілік Ақанов (1995), Артем Хударов (1996), Шыңғыс Асылханұлы (1997) бар. Ал жартылай қорғаушылардан: Мәди Заматаев (1995), Нұрсұлтан Құрманғали (1994), Абай Жүнісов (1995), Темірланәлі Бегімбай (1995), Владислав Меңдібаев (1996), Исламбек Құлекенов (1994), Қуат Сексембаев (1996), Аманбол Алиев (1995), Ардақ Сәулет (1997); шабуылшылардан: Игорь Попадинец (1994), Ислам Ахметов (1995), Бимұхамед Букеев (1993), Нуридин Исаев (1995), Ильяс Қанышбай (1997) бұл мәртебеге ие болып отыр.